Атырауда қатты соққан жел перзентхананың шатырын ұшырып кетті
Атырауда қатты соққан желдің әсерінен облыстық перинаталдық орталықтың шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ATPress.kz аймақтық басылымы жазады.

Жел екпіні бес қабатты "Б" перзентханасының 500 шаршы метрін қиратқан.
Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, апаттан зардап шеккендер жоқ. Шатырдың бір бөлігі перзентхананың екі қызметкерінің көліктерінің үстіне түскен. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Ведомство өкілдері биыл Атырау облыстық перинаталдық орталығы күрделі жөндеуден өткенін айтты. Қазіргі уақытта бастапқы жұмыстар жоспарланып отыр.
- Алакөлде төрт демалыс аймағы өртеніп, жеті адам зардап шекті (видео)
- Маңғыстау облысында қатты жел ғимараттардың шатырын ұшырды (видео)
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту