Маңғыстау облысында қатты жел ғимараттардың шатырын ұшырды (видео)
Маңғыстау облысында қатты жел соғып, үйлер мен ғимараттардың шатыры ұшып кетті. Желден Бейнеу ауылы қатты зардап шекті. Кейбір тұрғындар газсыз қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы ТЖД ақпаратынша, Бейнеу ауылында қатты желден Мәдениет үйі мен №3 емхананың шатырлары ұшып кеткен.
Сондай-ақ Уәли көшесіндегі газ құбырына жартылай зақым келді. Салдарынан төрт жер үй газсыз қалды.
"Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда "ҚазТрансГазАймақ" АҚ мен "Бейнеуэнергосервис"АҚ жұмысшылары жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр", – деді облыстық Төтенше жағдайлар департаменті
Бұған дейін өңір тұрғындарына жел күшейіп, жаңбыр жауатыны туралы хабар берілген.
Талғарда баланы азғындамақ болған ер адам ұсталды: Қыздың анасы істі ешқандай адвокат алмай жатқанын айтады
Талғар қаласында ұрлық үстінде бала зорлауға әрекет жасаған ер адамды полиция ұстады
Өзбекәлі Жәнібеков кім және Қазақстанда оның кесенесі неліктен тарих және мәдениет ескерткіші деп танылды
Реставрацияның мақсаты – кесененің жағдайын жақсартып, сәулеттік келбетін сақтау және ғұмырын ұзарту