Алакөлде төрт демалыс аймағы өртеніп, жеті адам зардап шекті (видео)
Алакөл жағалауында орналасқан бірнеше демалыс аймағы өртке оранды. Салдарынан 7 адам медициналық көмекке жүгінге, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Шығыс Қазқстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері, жергілікті атқарушы орган, полиция қызметкерлерінің көмегіменн жалын 5 шілдеде 05:40-та ауыздықталды. Алдын ала мәлімет бойынша өрт 3 000 шаршы метрді шарпыған. 4 демалыс аймағы зардап шекті.
7 адам медициналық көмекке жүгінді. Алғашқы көмек көрсетілді", – делінген ТЖД хабарламасында.
Оқиға орнында 186 адам мен 29 бірлік техника жұмылдырылған.
"Өрт сөндіруге 10 метр секундына жылдамдықпен соққан жел кедергі келтірді. Жалын ағаш үйлерге бірден тарады. Өрт сөндірушілердің жылдам әрекет етуінің арқасында өрт сөндірілді", – деп қосты департамент өкілдері.
Қазір өрттің себептері анықталып жатыр. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған