Елімізде шетелдік үш банк іске қосылады
Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы жолдауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде шетелдік үш банктің қосылатынын мәлімдеді.

Ол коммерциялық банктердің қызығушылығын арттыру мәселесін көтерді. Айтуынша, оларға басым жобаларды қаржыландыру кезінде даму институттарының кепілдіктерін беру мәселесін қарастыру қажет.
“Банк саласының тағы бір проблемасы – жоғары шоғырлану. Бүгінде елімізде 21 банк жұмыс істейді. Бұл ретте корпоративтік несиелеумен, яғни экономикалық жобаларды қаржыландырумен бірнеше ірі банктер ғана айналысады. Сондықтан осы саладағы бәсекелестікті арттыру үшін елге үш сенімді шетелдік банкті тарту керек", – деді президент.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар