Елімізде республикалық маңызы бар бірқатар жол жабылды
Ауа райына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар жол жабылды. Дәл қазір елордадан барлық бағытқа қатынас тоқтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында республикалық маңызы бар бірқатар жол жабылды.
Мамандар азаматтарды алыс жолға шықпауға шақырады. Әрі ауа райы болжамын жіті қадағалап отыруды ескертеді. Егер көлік иесі қар құрсауында қалып қойса, онда тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 номеріне хабарласу қажет.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"