Елімізде қандай жағдайда ағаштарды кесуге рұқсат етіледі – Министрлік жауап берді
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі елімізде жасыл желектерді күтіп, қорғаудың үлгілік қағидаларын бекітті деп хабарлайдынің Stan.kz ақпарат агенттігі.

Енді әр өңірде осы үлгілік ереженің негізінде жергілікті атқарушы органдар өздерінің жеке талаптарын әзірлейтін болады.
Министрлік сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жасыл алқаптарды кесуге рұқсат бермейтінін атап өтті.
Мүдделі азаматтар немесе заңды тұлғалар ағаштарды кесуге рұқсат алуы үшін кескен ағаш орнына 10 есе көп көшет отырғызуы шарт. Ал отырғызу және одан әрі күтіп-баптау жұмыстарын мамандары бар абаттандыру ұйымдары жүргізеді.
Сонымен қатар ағаш отырғызу кезінде бір жастағы көшеттерді пайдалануға жол берілмейді.
Ережеге сәйкес ағаштарды кесуге келесі жағдайларда ғана рұқсат етіледі:
- бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру жағдайын қамтамасыз ету кезінде;
- инженерлік-абаттандыру объектілеріне қызмет көрсету, инженерлік желілерді, жерасты және жерүсті коммуникацияларын қайта құру және жайластыру кезінде;
- авариялық және төтенше жағдайларды, оның ішінде инженерлік-абаттандыру объектілерінде және инженерлік желілерде жою кезінде;
- қолданыстағы объектілердің аумағын абаттандыру және оларды эстетикалық келбетке келтіру, жасыл алқаптардың сапасы мен түрлік құрамын жақсарту қажеттілігі кезінде;
- адам денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіретін ағаштарды санитарлық кесуге;
- қоғамдық жерлердегі ағаштар мен бұталардың өсуі кезінде.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі 8 ай өткен соң қайта шаңырақ көтерді
Желі қолданушылардың бірі Зейнел Әділеттің жаңа әйелі марқұмның жақын араласқан құрбысы екенін айтады
"300 мың теңге артық шығарған": Fortebank өз автокассасының кінәсінен қазақстандықтың шотын бұғаттап тастады
Желі қолданушысы банк қателігінен болған жайт үшін неге қиналуы керек екеніне шамданды