Елімізде енді энергетикалық сусынды 21 жасқа дейінгілерге сатуға тыйым салынады: Мәжіліс депутаттары түзетуді қабылдады
Елімізде енді энергетикалық сусындар 21 жастан бастап қана сатылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Енді энергетикалық сусындарды балалар ала алмайды. Тек 21 жасқа толған адамдарға сатып алуға рұқсат. Тиісті түзетулерді мәжіліс депутаттары қабылдады.
Сонымен қатар үкіметтің ұсынысымен енгізілген қосымша өзгерістерге сәйкес мемлекеттік еңбек инспекциясы жергілікті атқарушы органдардан еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беріледі.
Еске салсақ, бұған дейін елімізде енді балалар мен жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатылмайтыны айтылды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған