Елімізде бастауыш сынып оқушылары мектептерде оқи алады - білім министрінің орынбасары

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова 1-4 сынып оқушылары мектепте оқи алатынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

оқушылар

Бұл туралы министр орынбасары Атамекен» ҰКП өткізген онлайн жиналыста мәлім етті. 

"Ата-аналардың қалауымен және мектептедегі жағдайды ескеріп, бастауыш, яғни 1-4 сыныптардың оқуына рұқсат беріледі. Әрине, кішкентай балалардың оқуға ынтасы әлі қалыптаспаған. Сондықтан, өтінім негізінде мектептерде кезекші сыныптар ашу жөнінде шешім қабылданды", - деді вице-министр.

Министр орынбасарының сөзіне, ата-аналардың пікірі ескерілген. Кейбір ата-аналар санитарлық шараларды қатаң сақтап, оқу процесін мектепте жүргізуді қолдаса, келісілері баласын мектепке жіберуге түбегейлі қарсы болыпты. Шенеунік кезекші сыныптарда оффлайн және онлайн форматта өтетін пәндер тізімі анықталғанын атап өтті.

"Кезекші сыныптар қашан жұмыс істейді? Кей пәндерді - мектепте, кей пәндерді – онлайн оқытуға жібереміз. Мәселен, бастауыш сыныпта сауат ашу, жазу, математика, тіл пәндері офлайн форматта өтеді. Елімізде екі ауысымды, үш ауысымды мектептер бар екенін, онда бала саны көп екенін түсінеміз. Бір күні - бірінші топ, ертесіне – екінші топ оқиды. Ондай да тәжірибе әлемде бар. Бұл әдісті Сингапур ұсынып отыр. Кезекші сыныптар ата-аналардың өтінімі бойынша құралады, біз кезекші сыныпта бір ғана сыныптың балаларын оқытуды ұсынып отырмыз», - деді Қаринова.



Бұған қоса ол елдегі эпидемиялогиялық ахуал жақсарса, мектеп оқушылары дәстүрлі оқу жүйесіне қайта оралатынын жеткізді. 

"Ең алдымен, бұл жағдайда балалар мен педагогтардың, жалпы халықтың денсаулығын ескеруіміз қажет. Білім беру саласындағы құзырлы орган ретінде министрліктің сапалы білім мен балалардың денсаулығы арасында теңгерім табуы қажеттігін, оған жауапты екендігімізді түсінеміз. Санитарлық-эпидемиялық ахуалға қарай әр аймақта оқыту форматын ауыстыру бойынша шешім қабылданады. Яғни, жалпы республика бойынша ортақ бір шешім қабылданбайды. Барлығы санитарлық-эпидемиялық ахуалға байланысты болады. Егер санитарлық жағдай жақсарса, ең алдымен 1-5 сыныптар оқу процесіне кіріседі. Бұл уақытта 6-11 сыныптар қашықтан оқытылады. Жағдай тағы жақсара түссе, 6-11 сыныптар да штаттық режимге көшіріледі. Мектептерде санитарлық қауіпсіздік шаралары сақталады", - деді министр орынбасары. 

Еске салайық, бұған дейін мектеп оқушылары бірінші тоқсаннан бастап қалай білім алатыны жайлы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берген болатын. 
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр