Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мектеп оқушылары бірінші тоқсаннан бастап қалай білім алады: Министр айтып берді

Министр схат Аймағамбетов алғашқы тоқсанның қашықтықтан оқытылатынын жеткізді. Қазіргі кезде министрлікте бірнеше оқыту тәсілдері қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Асхат Аймағамбетов оқу жылына қызу дайындық басталғанын алға тартып, пандемия кезеңінде әрбір маман мен оқушының денсаулығы маңызды екенін атап өтті.

"Министрлік әкімдіктермен бірлесіп оқу орындарын жаңа оқу жылына дайындау жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша жыл сайын жедел респераторлық инфекция кезеңінде білім алушылардың 70 пайызы ауырады. Оған қоса, білім саласындағы қызметкерлердің вирус жұқтыру қаупі басым болып отыр. Бұл жағдайда біз үшін балалар мен педагогтердің өмірі мен денсаулығы маңызды болып табылады. Осыған орай бірнеше шешім ұсынамын", - дейді Асхат Аймағамбетов.

"Біріншіден, шалғайда орналасқан ауылдық мектептерді қоспағанда, бірінші қыркүйектен еліміздің барлық мектептерінде 1-11 сынып оқушылары үшін оқу жылының алғашқы тоқсанын қашықтықтан оқыту форматында өткізу. Екінші, бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының өтініші бойынша тиісті қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне мүмкіншілік беру. Бұл жағдайда санитарлық қауіпсіздік шаралары қамтамассыз етіледі. Балалар тек қана бір кабинетте оқиды, үзілістер әртүрлі уақытта болады, кіре берісте дене қызуы өлшенеді, ауаны тазарту, кварцтау, және ылғалды тазалау режимін күшейтеміз. Әлеуметтік қашықтықты ұйымдастыру үшін оқытуды ауысымға және 10-15 бала санынан аспайтын топтарға бөліп оқыту қарастырылуда. Десек те пәндердің көп бөлігін қашықтықтан оқытылатын болады", - дейді министр. 



Алдағы уақытта мектептердегі оқушылардың 4%-ы ғана оқытылып, қалған бөлігі қашықтық бойынша білім алады.  

"Үшінші, шалғайда орналасқан ауылдық мектептерде штаттық оқыту ұйымдастырылады. Бұл дегеніміз жалпы оқушылардың 4 пайызын құрайды. Төртінші, алдағы уақытта бірінші тоқсан аяқталғаннан кейін, эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына байланысты кезең кезеңмен ұйымдастырылады. Осал санаттағы балаларға инклюзивті білім беруді қарастыратын боламыз", - деп түсіндірді ол. 

Естеріңізге сала кетейік, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бірінші тоқсанды қашықтықтан оқытуды ұсынған болатын. Министрліктің пікірінше, мектептеге оқуды жандандыру балалар арасында коронавирус инфекциясын жаппай жұқтыруы қаупін арттырады. 

Талқылау