Денсаулық сақтау министрі мектептерде бірінші тоқсанды қашықтан оқытуды ұсынды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда шағын жинақты мектептерден басқаларында бірінші тоқсанды қашықтықтан оқытуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"ЖРВИ-дің маусымдық деңгейде артуы мен коронавирус инфекциясы бойынша жағдайдың күрделілігіне байланысты оқу жылының алғашқы тоқсанында аз комплектілі мектептерді есептемегенде, барлық сыныпты қашықтан оқыту жолдарын қарастырған дұрыс деп есептеймін", - деді ол үкімет отырысында.
Денсаулық сақтау министрлігі басшысы мектептерде күндізгі оқытудың қайта басталуы балалар арасында сырқаттанушылықтың өсуіне және инфекцияның мектептен тыс таралуына әкелуі мүмкін екендігін ескертті.
- Білім министрі: Қазақстанда келесі оқу жылы қайтадан онлайн түрде басталуы мүмкін
- Президент қашықтан оқыту жайлы: Білім министрлігі жаңа оқу жылына дайын екеніне күмәнім бар
"Жалпы жыл сайын жұқтырылған респираторлық вирусты инфекциямен (ЖРВИ) ауыратындардың 70 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар", - деп атап өтті Алексей Цой.
Бұдан бұрын білім министрлігі 2020-2021 оқу жылында оқытуды ұйымдастырудың үш нұсқасын қарастыратынын хабарлады.
Азық-түлік жеткізетін Airba Fresh сервисі жабылды: Жұмыссыз қалған қызметкерлер енді өтемақы ала алмай жүр
Оның сөзінше, қызметкерлерден жұмыстан өз еркімен шығу туралы өтініш жазу талап етілген
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"