Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінің жартылай финалына шықты
Әлемнің төртінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінің жартылай финалына шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елена Рыбакина Лондонда өтіп жатқан "Уимблдон" турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Отандасымыз төртінші кезеңде әлемдік рейтингте 18-орында тұрған, ресейлік Анна Калинскаяны екі сетте ұтса, ширек финалда әлемдік рейтингте 21-орында тұрған Элина Свитолинаны да оңай ұтты. Рыбакина екі сетте 6:3, 6:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты. Жартылай финалда отандасымыз чехиялық Барбора Крейчиковаға қарсы ойнайды.
Айта кетейік, бұған дейін Уимблдон турнирінде сенсация жасап, әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті жеңген Юлия Путинцева төртінші кезеңде Елена Остапенкодан ұтылып қалған еді.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.

