Өткір бронхитке шалдыққан: Елена Рыбакина Париждегі Олимпиадаға қатыспайтын болды
Қазақстанның бірінші және әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Париждегі Олимпиадаға қатыспайтын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: prosports.kz
Олимпиада ойындарында Рыбакина жеке және жұптық сайыстарда өнер көрсетуі керек еді. Спортшының олимпиададан бас тартуына сырқаты себеп болған.
"Қазір Елена өткір бронхитпен ауырып жүр, дәрігерлер оған кортқа шығуға ғана емес, жарыстарға ұшып барып-келуге үзілді-кесілді тыйым салды", – делінген Қазақстан теннис федерациясының хабарламасында.
Олимпиададағы теннис жарыстары 27 шілде мен 4 тамыз аралығында өтеді. Жекелей сында Рыбакинаның орнына австралиялық Дарья Савилл шығады.
Еске салсақ, осыған дейін Парижде Рыбакина жекелей сында алғашқы айналымды румыниялық Жаклин Кристианға қарсы өткізетінін жазған едік.
Париждегі Олимпиадаға қатысушы спортшылар азық-түлік тапшылығына наразы болды
Алматыдағы саябақта агрессивті ер адам балаларға шабуыл жасады
Ол балаларды “пышақтап өлтіремін” деп қорқытқан
"Шәй құйып, сәлем салады, келіндік қызмет атқарады": Индонезиялық келін алған отбасы екі елдің тойы мен ерекше дәстүрлерін көрсетті
Бақберген шетелдік ару қарапайымдылығымен, жайлы мінезімен өзіне ғашық еткенін алға тартты