Елдос Сметов жоқ: Париждегі “Гранд-Слэм” турниріне қатысатын дзюдошылар белгілі болды
Фото:ҰОК
7-8 ақпан күндері Париждегі “Гранд-Слэм” турниріне қатысатын ұлттық құрама дзюдошылары анықталды. Олардың қатарында Олимпиада чемпионы Елдос Сметов жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Париждегі үлкен дулыға турнирінде ел намысын қорғайтын дзюдошылар:
- 48 кг: Әбиба Әбужақынова
- 60 кг: Шерзод Давлатов
- 66 кг: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев
- 81 кг: Абылайхан Жұбаназар
- 90 кг: Айдар Арапов
- 100 кг: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров
Айта кетейік, айтулы турнир дзюдошылар үшін 2026 жылдың алғашқы додасы болмақ. Ал Елдос Сметов болса 2024 жылы Париж Олимпиадасынан бері әлі татамиге оралған жоқ. Алайда даңқты спортшы жақында қайтадан дайындықты бастағанын хабарлаған еді.
Елдос Сметов ұзақ уақыттық үзілістен кейін оқу-жаттығу жиынына оралды
Әзірге Елдос Сметовтың қашан татами төріне оралатыны белгісіз.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

