Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елде коронавирусты жұқтырғандар саны 360 адамнан асты

Қазақстанда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың тағы 15 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

коронавирус

Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай бойынша 1 сәуір күні сағат 11:15-те Алматы қаласында - 2 жағдай, Нұр-Сұлтан қаласында - 6 жағдай, Қарағанды облысында - 1 жағдай, Ақмола облысында - 6 жағдай тіркелді.

Қарағанды облысында коронавирустық инфекциядан 1 өлім жағдайы тіркелді.

Бүгінгі таңда елімізде коронавирусты тіркеудің 363 жағдайы расталды, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 184 жағдай, Алматы – 84 жағдай, Қарағанды облысында - 14 жағдай, Атырау облысында - 16 жағдай, Ақмола облысында - 16 жағдай, Жамбыл облысында - 3 жағдай, Шымкент қаласында - 3 жағдай, Шығыс Қазақстан облысында - 2 жағдай, Алматы облысында - 8 жағдай, Ақтөбе облысында - 3 жағдай, Солтүстік Қазақстан облысында - 3 жағдай, Павлодар облысында - 1 жағдай, Маңғыстау облысында - 1 жағдай, Қызылорда облысында - 18 жағдай, Батыс Қазақстан облысында - 2 жағдай, Түркістан облысында - 5 жағдай.

Талқылау