Соңғы жаңалықтар

Елбасы Қордайдағы жағдайға байланысты өз ойын айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында Жамбыл облысының Қордай ауданында 2020 жылдың ақпан айында болған жанжал туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Жамбыл облысының Қордай ауданындағы қайғылы оқиғаны еске түсірсек, бәріміз үшін үлкен сабақ болды. Ассамблеяның жергілікті жерлерінде білікті жас спикерлер болуы керек. Олар қазақ және орыс тілдерінде адамдармен сөйлесіп, мемлекеттік саясатты түсіндіруі керек. Ал жергілікті кеңестер мен қоғамдық келісім кеңестері жақсы жұмыс істеп, жергілікті жерлердегі проблеманы бес саусағындай білуі тиіс", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы жергілікті кеңестер мен әкімдіктердің бірлескен жұмысы түрлі этностық топтар үшін анағұрлым тиімді болуға тиіс екенін атап өтті.

"Қазақстанда бірдеңе жасағысы, ұрысқысы келетін адамдар көп емес. Біз оларды әкімдіктермен, кеңестермен, құқық қорғау органдарымен, Ассамблеямен бірлесіп белсенді түрде қатысуға, оқиғалардан озуға, яғни белсенді профилактикалық қызмет жүргізуге тиіспіз. Мүмкін, бір жерде бір нәрсе дұрыс болмаса, көмек көрсетіп, билікке сигнал беріп, ондағы қоғамдық тәртіпті нығайту керек. Барлық осындай оқиғалар ақыр соңында қылмыс шығады. Сондықтан ондай саяси астары жоқ", - деп сендірді Елбасы.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Масанчи ауылында тұрғындар арасында топтық ұрыс болған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр