Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тапаншаңды шығар, мен атамын": Қордайлықтар полицейлермен жаға жыртысып, жерге аунатты

Жамбыл облысында жергілікті тұрғындар тәртіп сақшыларымен жаға жыртысты. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу тақыланып жатыр. Онда бір топ адам туысын полицейлерге бермеу үшін жанталасқан. Тіпті құзырлы орын өкілдеріне қол жұмсауға дейін барған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.  

Жергілікті тұрғындар мен құқық қорғау органдарның жаға жыртысы бүгін түс ауа әлеуметтік желіге тарады. Кадрда ырду-дырду, жаға жыртысу. Тәртіп сақшылары әлдебір азаматты көлікке мінгізе алмай, әуреге түсіп жатыр. Ал оны жақындары жібермей, барынша қоғаштап жүр. Тіпті ол үшін құзырлы орын өкіліне қол жұмсауға бар. 


Тағы оқыңыз


"Тапаншаңды шығар, мен атамын" деген азаматтан осылайша тәртіп сақшысы таяқ жеп тынды. Бір емес, бірнеше мәрте соққы алды. Мұнан кейін де жағдай басылмады. Полицейлер үсті-үстіне келіп жатса да, қарсылық көрсеткендер сабасына түспеді. Керісінше, өрши түсті. Арқаланған азаматтар алдынан шыққанды аяған жоқ. Олар заң өкілдерінің жағасына жабысып, киімін жыртып, жерге әбден аунатты.

Полицейлер ұстауға тиіс азаматты көлікке  салып әкетті ме, жоқ па, ол жағы белгісіз. Құзырлы орын өкілдерінен осы жағдайға қатысты мағлұмат алу мүмкін болмады. Ал бейресми мәліметке сүйенсек, оқиға Қордай ауданында болған. Бірақ қос тараптың неге қақтығысқаны сол күйі белгісіз.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Жүздеген ақтөбеліктер "Гарант 24" ломбардының кеңсесінің алдына жиналды

Үш күн бойы ақшаларын ала алмай жүрген ақтөбеліктер "Гарант 24" ломбардының кеңсесінің алдына жиналды

Алматыда жезөкшелер қызмет көрсететін қонақ үйлер жабылды

Интимді қызмет көрсететін жеңіл жүрісті қыздардың жаңа легі ұсталды

Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі болып Рүстем Дәулет тағайындалды

Жамбыл облысы Қордай ауданының жаңа әкімі белгілі болды

"Өздерінің 12 адамның өлімін менің мойныма артып қою негізгі себебі сол": Bek Air соты басталды

Үй иесі: "Bek Air" 12 адамның өлімін менің мойныма артпақшы

Бұл қызметке мен аспаннан түскен жоқпын: Актер Нұрхан Кәдірбаев қалайша мемлекеттік қызметкер атанғаны жайлы сөз қозғады

Тележүргізуші: Теледидарға шығу менің бала арманым болған

Коронавирустен құлан таза айығып шыққан азамат ауруға қайта шалдықты

Ол бірнеше күн бұрын сырқатынан құтылып, үйіне жіберілген

Тұрғымбаев: Полицейлердің жалдамалы үйге кеткен ақысы өтеледі

Бұған дейін тек әскери қызметкерлерге ғана пәтер өтемақысы ұсынылған

Қордайда қарияны ұрған күдікті міндетті түрде сотқа тартылады - ІІМ

Министр аймақтағы жағдайдың тұрақталғанын жеткізіпті

"Әр қазақ - менің жалғызым": Анасы әкесінің қолынан қаза тапқан Аян Төлеуғазинге көпшілік көмегін аямады

Аянның 5 бауырын жинап, бір үйде өмір сүрсе деген арманы бар

Ақтөбе облысында қытайлық азаматтың 2,5 миллион теңгелік жалақысы жайлы ұйым басшылығы сөз қозғады

Сөздерінше, бұл жұмыскерлердің 12 айдағы жалақыларының қосындысы
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр