Жамбыл облысында болған оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты
Жамбыл облысында болған полицейлермен қақтығыста 8 адам қаза тапқанын Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«7 ақпанда сағат 19.00-де Жамбыл облыстық Полиция департаментінің кезекші бөліміне Масанчи кентінің шетінде 70-ке жуық агрессивті тұрғындар жиналып, олардың арасында бұзақылық ниетпен топтық төбелес басталды», – деді Ерлан Тұрғымбаев.
Тағы оқыңыз
Оның айтуынша, арандатушылар жағдайды видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге таратқан. Сөйтіп заңсыз әрекеттерге шақырған.
"Екі тарап бір-біріне тас лақтырып, таяқпен ұрып, қару қолданған. Өкінішке қарай, 8 адам қаза болды, 40 адамнан астам жарақат алды», – дейді ол.
7 ақпанда, Кордай ауданы Сортөбе ауылында жергілікті тұрғындар полицияға шабуыл жасады. Ал жақын маңдағы Масанчи ауылында халық арасында топтық төбелес басталды.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”