Масанчидегі төбелес: 47 адам ұсталды
Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында болған жаппай төбелестен кейін полицейлер 47 адамды ұстады, - деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға орнына орынбасарым мен бас прокурордың орынбасары аттанды. Құқық қорғау органдары жедел төтенше жағдайды тоқтатты. Қазіргі уақытта 47 адам ұсталды және полиция бөліміне жеткізілді. Олардан екі аңшы қаруы алынды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабы "Жаппай тәртiпсiздiкке қатысу және оны ұйымдастыру", сондай-ақ ҚР ҚК-нің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша жүріп жатыр", - деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ брифингінде.
Айта кетсек, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе және Масанчи ауылдарында полицейлерге шабуыл жасалып, жаппай төбелес шыққаны хабарланған болатын.
Министр 8 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”