Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экс-министр Біртанов: Тергеушілер мен прокурорлар құжат ағылшын тілінде жазылғандықтан таныспаған

Біртановтың ісін прокуратураға қайтару заңсыз деп танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап. 

Сот бұл істі бір жылдан аса уақыттан бері қарап жатыр. Ал экс-министр өзін әлі кінәсіз деп есептейді. Бұрынғы денсаулық сақтау министріне қатысты қылмыстық іс бойынша аппеляциялық сот отырысында, экс-министр прокурор келтірген дәйектердің бәрі жалған екенін мәлімдеді.

Елжан Біртановтың адвокаттары тергеушілер мен прокуратура қызметкерлері осы іске себепші болған платформаға қатысты құжаттар ағылшын тілінде жазылғандықтан таныспағанын айтады.



“Бізді айыптаушы тарап аудармаға қарсы болса, құжатта не жазылғанын түсіну үшін барлығымыздың істі ары қарай ағылшын тілінде жалғастыруымызға тура келеді. Онда платформаның жұмыс істеп тұрғаны анық айтылған. Құжатты аударудан бас тартқан прокуратура мен тергеушілердің әрекеті заңсыздық. Осыны ескеруді сұраймын”, – дейді бұрынғы министр Елжан Біртанов.

Ал құзырлы орган өкілі бүгінгі сот отырысында бұл шешімнің жоғарғы сот ережесіне қайшы келетінін айтты. Сот отырысы ертең де жалғасады.

“Жоғарғы Соттың нормативтік құқықтық актілерінде істі прокурорға қайтару үшін негіздердің тізімі бар екеніне назар аударамын. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің бірде-бір бабында күдіктінің бас тартуына шағымдану кезеңінде қылмыстық істі сотқа жіберуге тыйым салу қарастырылмаған. Ондай ереже де жоқ”, – дейді прокурор Жангелді Есебаев.

Еске салсақ, осыған дейін сот Елжан Біртановтың ісін бас прокуратураға қайтарған болтын.

Талқылау