Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біртановтың інісі Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды

Есжан Біртанов ҚР Ұлттық Банк төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Есжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада. 

2018 жылдың қаңтарынан Біртанов "Бәйтерек" Ұлттық басқарма холдингі" АҚ директоры болған. Банк саласы мен ұжымдық басқару саласында 20 жылдық іс-тәжірибесі бар.

2012-2018 жылдары "Ұлттық банк ұлттық инвестициялық корпорациясы" АҚ-да басқарушы лауазымын атқарды. Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі болды.

Бұдан өзге "Қазақстан қор биржасы" АҚ басқарма төрағасы-директорлар кеңесінің мүшесі болды.

1998-2012 жылдар аралығында ішкі нарық бөлімінің жетекші, бас дилері, кейіннен басшысы, дилинг операциялары бойынша басшының орынбасары, басқарма басшысы, директор қызметін уақытша атқарушы, Ұлттық банк монета операциялары департаменті директорының орынбасары лауазымдарын атқарды.

Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, "Тұран" университетін тәмамдаған.

Есжан Біртанов бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың інісі. 

Талқылау