Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Экономика министрі зейнетақы қорынан алынатын 173 миллиард теңгенің қайда жұмсалатынын айтты

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ұлттық банктің 173 миллиард теңге зейнетақы қаржысына холдинг облигацияларын сатып алуына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Көп бөлігін "Бәйтерек" холдингі сатып алды. Бұл БЖЗҚ-ның "Бәйтерек" облигацияларын сатып алудағы бірінші операциясы емес. БЖЗҚ – айналуға, ақша табуға тиіс зейнетақы ақшасы. Олар сенімді қаржы институттарына салынуы керек. Олардың ішінде 100% кепілдендірілген мемлекеттік бағалы қағаздар және 100% мемлекетке тиесілі квазимемлекеттік бірлестіктердің облигациялары бар. Ал, "Бәйтерек" холдингі жақсы кіріс әкеледі", – деді министр үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында. 

Әлібек Қуантыров "бұл – сенімді инвестиция" деп атап өтті. 

"Сонымен қатар бұл инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға көмектеседі. Атап айтқанда, аса қажет жолаушылар және жүк вагондарын сатып алуға жұмсалады. Олардың 50%-ға жуығы тозған. Отандық жеткізушілер болады, экономикада айналады. Оның  басқа да тиімділігі бар. Мысалы, жұмыс орындары құрылады және т.б.", – деп толықтырды  ұлттық экономика министрі.

Еске салайық, бұған дейін ұлттық банк бірыңғай зейнетақы қорынан алынатын 173 миллиард теңгені "Бәйтерек" холдингінің облигацияларына салатынын хабарлаған едік.

Талқылау