Екібастұздың жылу желілерінен 100-ден астам ақау табылды
Екібастұзтеплоэнерго" ЖШС тозығы жеткен жылу желілерін анықтайтын гидравликалық сынақтарға кірісті. Қазіргі күні жылу желілерінде 119 ақау табылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір басшысы Асайын Байханов құбыр ауыстырылатын төрт учаскеде болып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге жауапты "Grappa-Stroy" ЖШС базасына барды.
Мердігер материал мен жабдықтың жеткілікті екенін айтады. Қазір бір уақытта 25 бригада жұмыс істеп жатыр. Олардың айтуынша, жылу желілерін жөндеу жұмыстары 10 маусымда аяқталады.
"Сапалы жұмыс істеу үшін ыстық су беруді 10 маусымға дейін қысқарта тұру туралы нақты жоспарымыз бар. Оны ұстану керек. Сондай-ақ алдағы жылыту маусымына үйлерді дайындау үшін жекеменшік пәтер иелері кооперативінің жұмысын бақылау қажет", - деп атап өтті Асайын Байханов.
Екібастұзда жылыту маусымы 22 сәуірде аяқталды.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"