Екібастұзда жігіт вагондар арасында қысылып қалған
Екібастұзда жігіт екі вагонның арасында қысылып қалды. Жігітті аман алып қалу мүмкін болмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Қайғылы сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жігіт вагондар арасында жүрді, бір сәтте автоматты қосқыштар қозғалып, жігіт қысылып қалды. Ол құлап, дірілдей бастады, тұруға тырысқанымен, қайтадан құлады.
Желі қолданушылары жігіттің компанияда тағылымдамадан өткенін жазды.
"Екібастұз қалалық полициясы еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысы мен еңбек инспекциясының қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Павлодар облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады