Екібастұзда зейнеткер өз пәтерінде көз жұмды
Екібастұз қаласында ер адам өз пәтерді көз жұмды. Мәйіттен зорлық іздері анықталған жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Қала әкімдігі мессенджерде тараған "ер адамның үсіп өлгені" жайлы мәліметті жоққа шығарды. Әкімдік өкілдерінің сөзінше, үйлердің бірінде зейнеткердің көз жұмғаны рас. Бірақ оның өліміне қан қысымының көтерілуі себеп болған.
Жедел медициналық көмек көрсету станциясы ұсынған ақпаратқа сәйкес 17:32-де Екібастұздағы пәтерлердің бірінде ер адамның есінен танғаны туралы хабарлама түскен.
"Аталған орынға 8 минутта жетті. Бірақ дәрігерлер 70 жастағы ер адамның көз жұмғанын анықтады. Үсік белгілері болған жоқ", – деп қосты станцияның баспасөз қызметінің өкілдері.
17:50-де пәтерге полицейлер шақырылды. Көз жұмған кезде зейнеткердің жанында жұбайы болған. Полицейлер ер адамның денесінде зорлық іздерінің жоқ екенін нақтылады.
Алматының жолдарын жөндеуге қанша қаражат жұмсалды: Миллиардтаған теңгені қай компаниялар алып жатыр
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"