Екібастұзда 24 қызметкері бар автобус апатқа ұшырады
Екібастұзда 24 қызметкері бар автобус жол жиегінен ұшып аударылып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото kereksoyle Telegram арнасынан
Деректерге сай, қызметкерлер аман қалған.
"Екібастұз қаласында ЖШС-нің бірінің аумағында жүргізуші ПАЗ автобусын жүргізу кезінде, рульді басқара алмай, кюветке жол жиегіне шығып кеткен. Автобус салонында 24 қызметкер болды", - деді Павлодар облысының полиция департаменті.
Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 15 жәбірленуші көмек сұраған. Олардың бесеуі ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаториялық емге жіберілді. Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы ауыр емес.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"