Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұз тұрғындарына төтенше жағдай кезеңіне өтемақы төленеді - әкім

Екібастұз тұрғындары электр энергиясы үшін өтемақы алады. Барлық шығындарды "Екібастұзтеплоэнерго" төлейтін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жылу

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайн Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Оның айтуынша, Екібастұздағы зардап шеккен үйлердің тұрғындары қараша-желтоқсан айларында жылу ақысын төлеуден босатылған. Оған қоса, электр энергиясы әдеттегіден көп қолдануға мәжбүр болғаны үшін бүкіл қалаға өтемақы төлеу мәселесі көтерілген.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Екібастұзтеплоэнерго" компаниясының иелерімен бірлесіп, премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Васильевич Склярдың қатысуымен шештік. Төтенше жағдай кезінде (27 қараша мен 8 желтоқсан аралығында) барлық жеке тұлғаларға электр энергиясын пайдаланғаны үшін өтемақы беріледі, бұл тізімге қаланың 48 957 абоненті кіреді", - деп жазды облыс әкімі.



Бұл ретте ол қазір есептеулер нақтыланып, төлемнің бірыңғай мөлшері анықталып, оны тұтынушылардың жеке шоттарына аудару тетігі пысықталуда деп қосты. Барлық шығынды "Екібастұзтеплоэнерго" серіктестігінің иелері көтереді.

Еске салсақ, осыған дейін Екібастұзда төтенше жағдай режимі алынып тасталғаны белгілі болған.

Талқылау