Қарағандыда ауруханалар тегін көрсетілуі тиіс түсік жасату қызметі үшін әйелдерден ақша алып келген
Қарағанды облысында ауруханалар жылдар бойы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында тегін көрсетілетін түсік жасату қызметі үшін ақы алып келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құқық бұзушылықтарды облыс прокуратурасы медициналық сақтандыру саласына жүргізілген ауқымды тексеріс барысында анықтады.
Прокуратура мәліметінше, сақтандырылған науқастар заң бойынша жасанды жүктілікті тоқтату қызметі мемлекет тарапынан толық өтелетініне қарамастан, оталардың ақысын өз қалтасынан төлеген.

Соңғы үш жыл ішінде медициналық қызметтер үшін қосарланған төлемнің 775 жағдайы анықталып, жалпы сомасы 22 миллион теңгеге жеткен.
Прокуратураның араласуынан кейін заңсыз ұсталған қаражатты қайтару жұмыстары басталды. Қазір 218 әйелдің ақшасы қайтарылды. Қайтарылған жалпы сома 7 миллион теңгені құрады, қалған жағдайлар бойынша жұмыс жалғасуда.
Еске салсақ, бұған дейін 1 шілдеден бастап МӘМС жүйесіне жаңа медициналық қызметтер енгізілетіні туралы жазған едік.
Қазақстанда жалдамалы пәтер бағалары шарықтады: Маман оған не себеп болғанын айтты