Бес апта комада жатқан ер адам аман қалып, итiмен саяхатқа шықты

Ұлыбритания тұрғыны Ли Тейлор алкогольді сусын дайындау кезінде болған жарылыстан кейін бес апта бойы комада жатқан. Қатты жарылыстан ауыр күйік алған ер адамның аман қалуын дәрігерлер “ғажайып” деп бағалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
45 жастағы Ли Кумбрия облысындағы сыра қайнату орнында жаңа сусын жасап жатқан кезде құрылғы ішіндегі қысым шамадан тыс көтеріліп кеткен. Соның салдарынан құрылғы жарылып, ғимараттың шатырына зақым келген. Ал ер адам жарылыс күшінен бөлменің арғы жағына ұшып кеткен.
Лидің беті, қолы мен аяқтары қатты күйіп, ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін сақтау үшін оны жасанды комаға түсірген.
“Мені үйінді арасынан алып шыққанда, қолдарымның терісі еріп, салбырап тұрғанын көрдім. Сол сәтте бәрі бітті деп ойладым”, — дейді Ли.
Апаттан үш апта өткен соң, комада жатқан кезде оның жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер сегіз минут бойы өмірін сақтап қалуға тырысып, оны қайта тірілткен.
Лиге бірнеше операция жасалып, арқасынан алынған тері қолдары мен аяқтарына ауыстырылып салынған. Өрт кезінде тыныс алу жолдары да зақымданып, оның қалпына келуі бірнеше айға созылған.
Бес аптадан кейін комадан оянған Ли қайтадан жүруді және қалыпты өмірге оралуды үйреніп жатыр.
Осы оқиғадан кейін Ли өмірін өзгерту туралы шешім қабылдаған. 2025 жылы ол иті Такомен бірге Ұлыбритания жағалауын аралау үшін “Paws and Pedal” атты сапарын бастаған.
“Мен тірі қалғаныма, көру қабілетімді және бетімді сақтап қалғаныма бақыттымын. Екінші мүмкіндігімді дұрыс пайдаланғым келеді”, — дейді
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды