“Өте ақылды, дана әйел”: Әнші Жұлдыз Өмірғали Айқынның бірінші әйелімен қарым-қатынасы жайлы айтты

Әнші, “КешYou” тобының бұрынғы солисі Жұлдыз Өмірғали “Мамский әңгімеге” берген сұхбатында жолдасы Айқынмен қалай танысқанын және оның бірінші-әйелімен қарым-қатынасы қандай екенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жұлдыз Өмірғали Айқынды алғаш көргенде оны өзімшіл адам сияқты қабылдағанын, алайда оған аса мән бермегенін айтты.
“Бір концертте бірге өнер көрсеттік. Кейін тамақтанып отырған кезде ол маған қарап сөйлеген. Бірақ көзім нашар көретіндіктен, оған мән бермедім. Үйге келген соң “Сәлем, қалайсың? Құлпырып кетіпсің” деп жазып жіберді. Мен жауап бердім. Ол кезде оның неше жаста екенін де, отбасылы екенін де білмедім”, – деді әнші.
Әншінің айтуынша, сол уақытта отбасылы ер адамның басқа қызға жазуы мүмкін деген ой болмаған.
“Қазір мұндай нәрсеге қыздар бірден мән береді, тексереді. Ал біздің кезде ондай түсінік болмады”, – дейді ол.
Өнер иесінің сөзінше, олар бастапқыда дос ретінде араласқан. Кейін бұл қарым-қатынас жақындыққа ұласқан. Алайда екі ай өткен соң ғана Жұлдыз Айқынның отбасылы екенін білген.
"Халық біз туралы 2018 жылы, ұлымыз бір жасқа толғанда ғана білді. Жыламаған күнім, түнім болмады десем, артық айтқаным емес. Сол кезде Айқын мені қолдап, бәрі өтеді, бәрі артта қалады деп жұбатты”, – деді Жұлдыз.
Оқыңыз
Жұлдыз Өмірғали бүгінде Айқынның бірінші әйелімен қарым-қатынасы жақсы екенін айтты. Оның сөзінше, бұл мәселеде Айқын үлкен жауапкершілік алған.
“Мұның бәрі Айқынның арқасы деп ойлаймын. Ол “барлық жауапкершілікті өз мойныма аламын, ешкімді бөліп-жармаймын, бәріне тең қараймын. Бірақ осындай жағдай болып қалды, жақсы көріп қалдым” деп айтты. Мұның артында үлкен еңбек, төзім мен сабыр жатыр. Үшеуміз де балаларға психологиялық жара салмау керек деген шешімге келдік. Балалардың бауыр болып араласқанын, балалық шағы бірге өткенін қаладық”, – дейді әнші.
Сондай-ақ ол Айқынның бірінші әйелін ақылды, сабырлы адам ретінде сипаттады.
“Ол кісі өте ақылды, дана адам. Жақында кітап шығарды, кәсіппен айналысады. Балаларының дамуына көп күш салып жүр”, – деді Жұлдыз.
Әншінің айтуынша, олар бір шаңырақ астында немесе бір дастархан басында бас қоспаса да, балаларға қатысты араласып тұрады.
“Балаларды бір жерге апарайын деп едім деген сияқты мәселелер бойынша сөйлесіп тұрамыз”, – дейді ол.
Жұлдыз Өмірғали өткеніне қатысты да пікір білдірді. Ол сол кезде жас болғанын, кей шешімдерді асығыс қабылдағанын айтты.
“Ол кезде мен “оған тұрмысқа шықпаймын” деген сөздер айттым. Жас болдым. Ал қазір үш баланың анасы ретінде ойлансам, сол кезде асығыс шешім қабылдағанымды түсінемін. Бұл балалық болған шығар”, – деді әнші.
Оның айтуынша, бұл шешімге Айқынның нақты ұстанымы да әсер еткен. Әнші сол кезде Айқынның “болды, қаласың” дегендей кесімді сөз айтқанын жеткізді.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды