Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алғашында жасыл түсін ұсынды": Жұлдыз Өмірғали "КешYou" концертінде неліктен жасанды шаш кигенін түсіндірді

Жұлдыз Өмірғали
Фото: instagram.com/zhuldyzomirgali_official

“КешYou” тобының экс-солисі, Айқынның жары әрі әнші Жұлдыз Өмірғали топтың мерейтойлық концертінде неліктен жасанды шаш кигенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол мұны “Мамский әңгіме” подкастына берген сұхбатында айтып берді. Әншінің сөзінше, концерттегі образ ерекше, тіпті өзге ғаламшардан келгендей әсер қалдыруы керек болған.

Алғашында стилистер оған жасыл жасанды шаш ұсынған. Бірақ кейін Жұлдыз өзіне ұнайтын нұсқаны өзі таңдап, тапсырыс беруді жөн көрген.

“Концерттерде жасанды шаш киіп жүргенім бірінші рет емес. Бұған дейін де концерттерде, ток-шоуларда киіп көргенмін. Өзімді әртүрлі образда көрген ұнайды. Сол үшін өзім сатып алайын деп ұсыныс айттым. Олар келісті. Сөйтіп, өзім барып таңдап алдым”, – дейді ол.

Алайда әнші бұл таңдауды көпшілік бірден түсіне қоймағанын айтты.

“Концерт күні жасанды шашты киіп шықсам, басқа қыздардың бәрі шаштарын әртүрлі үлгіде жасап, әдемі болып тұр екен. Ал мен шашымды өріп, образым дайын болып қалғандықтан, қайта өзгерте алмадым”, – дейді Жұлдыз.

Сондай-ақ Жұлдыз Өмірғали жақында босанғаннан кейін шашының бұрынғыдай болмай қалғанын да жасырмады.

“Босанғаннан кейін шаш қатты түседі ғой. Соны да ойладым. Оның үстіне укладкаға жетпей қала ма, қысқа болып қала ма деп уайымдадым”, – дейді әнші.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 18 Маусым, 2026 11:45