Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аузы ғана су бетінде қалған: Әйел үш күн балшықта жатып, аман қалды

Балшық
Фото: lenta.ru

АҚШ-тың Миннесота штатында әйел бір жарым метрлік балшыққа түсіп кетіп, үш күн бойы сол жерде жатқан. Оны жолай өтіп бара жатқан адамдар тауып алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

3 маусым күні 68 жастағы Кэтрин Весснер Бейкус пен Хакенсак қалаларының маңындағы орманға фургонымен барған. Жақында болған дауылдан кейін бұл аумақты су басып, жер лай болып кеткен.

Көлігі балшыққа кептеліп қалған соң, ол айналып өтпек болып, тайып құлаған. Әйел тереңдігі шамамен 60 сантиметр болатын лай суға бетімен түскен. Сол сәтте оны балшық тартып, басына дейін батырып жіберген.

Ол шұңқырдан өздігінен шыға алмаған. Үш күн бойы біртіндеп тереңірек бата берген. Үшінші күні судың бетінде тек аузы мен ерні ғана қалып, тіпті құлағы да балшық астында болған.

6 маусымда Адам Сандбек пен Майк Гравалин есімді екі ер адам квадроциклмен орман аралап жүрген. Олар алыстан бір фургонды байқап, жақындағанда балшықта жатқан адамды көрген.

Алдымен олар оны қайтыс болған адам деп ойлаған.

“Сосын ол ақырын ғана: “Көмектесіңіздер” деді. Сол кезде қатты шошып кеттім”, — деді Сандбек журналистерге.

Ер адамдар бірден әйелді балшықтан шығарып, 911 қызметіне хабарласқан. Жедел жәрдем қызметкерлері оны ауруханаға жеткізген. Қазір әйелдің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Сандбек пен Гравалин бұл жағдайды нағыз ғажайып деп атады. Себебі олар сегіз жыл бойы орманға барған кезде ешқашан бұрылмаған жолға дәл сол күні түсіп кеткен.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 18 Маусым, 2026 21:25