Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екібастұзда мұғалім мас күйінде көлік жүргізіп, құрбысының өліміне себепкер болды

Жүргізуші куәлігінен айтырғанына қарамастан мас күйінде көлік жүргізген Екібастұз қаласының мұғалімі адам өліміне алып келген апат жасады.

Бұл туралы Екібастұз қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сот департаментінің мәліметтері бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 4-тармағына сәйкес Екібастұз қаласындағы орта мектепте білім беретін мұғалімге қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Айыпталушы жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан мас күйінде көлік басқарып, адам өліміне себепкер болды.

Сот ісін жүргізу барысында, сотталушының 2017 жылдың мамыр айында үш жыл мерзімге көлікті жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Ол бұған қарамай мас күйінде көлік жүргізген. Жол-көлік оқиғасының салдарынан, осы автокөліктің жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

Сотталушы әйел өз кінәсін мойындап, болған іске өкініш білдірді.

Өлген қыздың ағасы, айыпталушыны бала кезінен білетінін, сондай-ақ оның қайтыс болған қарындасының жақын құрбысы екенін айтты. Ол соттан кінәлі азаматшаны бостандығынан айырмауды және оның жазасын жеңілдетуді сұрады.

Айыпталушыға  Қылмыстық кодекстің 346-бабының төртінші бөлімі бойынша және Қылмыстық кодекстің 55-бабының 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ  мас күйінде көлік жүргізгені үшін 7 жыл көлік басқару құқығынан айрылды. Қылмыстық кодекстің 63-бабына сәйкес бас бостандығынан айыру туралы үкім шартты деп есептеледі. Шешім өз күшіне енген жоқ.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодар облысының тұрғыны ерлі-зайыпты зейнеткерлерді пышақтап өлтірген

Алматыда Toyota Camry аударылды: Бір адам қаза тауып, үшеуі ауруханада жатыр

Шымкентте жүкті әйел мінген жедел-жәрдем көлігі жол апатына ұшырдым

Алматыда ірі жол апаты: BMW X6 жүргізушісі оқиға орнынан ізін суытты

Талқылау