Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Екі рет оқтың дауысын естідім”: Куәгерлер Шымкентте көптің зәресін алған атыс туралы айтты

Шымкентте “Арсенал" қару-жарақ сататын дүкенді тонаған ер адамат көшеде көпшілікті шошытқан болатын. Атысқа байланысты куәгерлер мән жайды айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

қару

Куәгер Олжас Аманбеков күдіктінің екі рет оқ атқанын естіген.

“Оқиға дәл осы жерде болды. Қарулы адам біздің дүкеннің маңына қарай қашты. Ал менің дүкенімнің ішіндегі клиенттерімді арғы қауіпсіздеу бөлмеге жібердім. Кейін шамамен екі рет оқтың дауысын естідім”,- деді Олжас. 

“Атыс басталып, адамдар жүгіріп, тұрақтағы көліктердің артына тығыла бастады.
Біреуге оқ тигенін көрмедім, бірақ қатты айқайлар естілді. Ал көшеде адамдар көп болды. Кейін оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жетті”,- деді куәгер Фараб Сызыкбков. 

Куәгерлердің сөзінше ол бір-екі оқ атқаннан кейін полиция көлігіне отырған. Кейін полиция көлігін ұрламақ болған. Алайда оны бірден үш полиция қызметкері ұстап алған. 

Ішкі істер министрлігі полицияның оқиға орнына дер кезінде жетіп қылмыскерді ұстағанын хабарлады. 

Еске салсақ, Шымкентте "Арсенал" қару-жарақ сататын дүкенді тонаған ер адам  дабыл бойынша келген екі күзетшіге оқ атқан болатын. 

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Гүлсезім Мұхатай
Сейсенбі, 21 Ақпан, 2023 13:24
Талқылау