"Екі күн тамақ ішпейтінмін": Жазира Байырбекова әкесіне неге өкпелеген
Жазира Байырбекова әкесіне неге өкпелегенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Жеңіс шоу" бағдарламасына сілтеме жасап.
Танымал әнші Жазира Байырбекова өнер жолына жастайынан келген. Әкесінің арқасында сахнаға шығып, әртүрлі байқаулардан бой көрсетіп үлгерген ол, тіпті қалай әнші болғанымды байқамай қалдым дейді.
Алайда, өнер иесінің әкесімен ән үшін келіспей қалған кездері де болған көрінеді. Әсіресе кештерді өзі ұйымдастыратын әкесі есімін сызып тастап, номерлерді қысқартқан кезде Жазира Байырбекова қатты ашуланатын көрінеді. Бұл туралы өнер иесінің өзі айтып берген болатын. Тіпті әншінің тамақ ішпей бірнеше күн жүріп алатын әдеті де болған.
"Әкем өзі концерт ұйымдастырушы. Номерлерды қысқарту керек болса, қызын тізімнен шығарып тастайды ғой. Содан мен екі күн тамақ ішпей, ренжіп қалып, әрең қайтатын едім", - дейді Жазира Байырбекова.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"