“Даусыңды көтермей сөйле": Шымкент әкімінің полицейге дөрекі түрде ескерту жасаған видеосы тарады
Желіде Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбековтің тұрғындармен кездесу барысында полиция қызметкеріне дөрекі түрде ескерту жасаған видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Видеодан тұрғындармен сөйлесіп тұрған әкімнің артқа бұрылып полицейге ескерту жасағанын көруге болады.
“Ей, даусыңды көтермей сөйле, қалай-қалай сөйлейсің! Бар арғы жаққа. Жақындамасын. Ары тұр”, – дейді әкім.
Әкімнің полицейге не үшін ашуланғаны белгісіз. Алайда желі қолданушылары әкімнің ескертуінің тым дөрекі екенін айтып, сынға алды. Кейбір желі қолданушылары әкімнің әрекетін көзбояушылық, алдын ала келісілген жағдай деп бағалаған.
“Ай, әртістер; Ұят олай жұрттың көзінше сөйлегені; Стоп, түсірілді; Діңкілдегені несі полицейге, ол бұйрықты орындап жүр ғой жоғарыдан түскен; Президент мырза, полицейскийлерді мазақ қылып, құқығын аяққа басып, ойыншық қылды ғой; Көзбояушылық”, – делінген пікірлерде.
Еске салсақ, бұған дейін Антикордың Шымкент әкімінің қатысуымен өткен жиналыс кезінде шенеунікті тұтқындап әкеткені туралы жазған едік.