Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Антикор Шымкент әкімінің қатысуымен өткен жиналыс кезінде шенеунікті тұтқындап әкетті

Шымкент әкімдігінде жиналыс кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері залға кіріп, шенеуніктердің бірін алып кетті. Ол тұрғын үй басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Оtyrar Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: видеодан скриншот

Деректер бойынша, жиналыс Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбаевтың жетекшілігімен өтіп жатқан еді. Тақырыбы – жемқорлықпен күрес. Қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы басшысы кей қызметкерлерге бірқатар сұрағы бар екенін айтқаннан кейін Ғабит Сыздықбеков жемқорлыққа айыпталып отырғандарды алып кетсін деп мәлімдеді. 

Антикор қызметкерлері залға кіріп шенеуніктердің бірін алып кетті. Ол тұрғын үй басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы болып шықты. 

"Қанша рет ескерттім... Әріптестер, мені дұрыс түсініңіздер, басқа амалым жоқ. Бес айдан бері сіздерден өтініп келемін", – деді әкім.

Бұған дейін Жетісудағы туристік аймақтарда салынбаған әжетханаларға 30 миллион теңге бөлінгенін жазған едік. 

Талқылау