БАҚ Джеки Чанның коронавирусты жұқтырды деп хабар таратқан: Ақпарат жалған болып шықты
Танымал актер Джеки Чанның COVID-19 коронавирусын жұқтыруы мүмкіндігі туралы ақпарат ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Джеки Чан вирусты жеке кештердің бірінде жұқтыруы мүмкіндігі болжанған, алайда, шын мәнінде актер ол жерде болмаған. Басты әңгіме кешке қатысқан 48 жастағы полиция қызметкерінен коронавирустың анықталуында болып отыр. Онымен байланысуы мүмкін 59 адам карантинге жіберілген.
Желіде қонақтардың бірінің Джеки Чанның сол жерде екенін айтқан видеосы тарады.
Today Online мәліметтері бойынша, актер ол жерде болмаған, ал видео жалған болып шықты. Шын мәнінде, актер басқа мерекелік кешке барған.
Бұған дейін актер COVID-19 ауруының емін тапқан адамға 1 миллион юань (шамамен 145 мың доллар) беруге уәде еткен.
Еске сала кетейік, АҚШ ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцинаның дайын болатын уақытын атағаны туралы хабарланған.
"Туысқандарым теріс айналды": 22 жасында христиан дінін қабылдаған қазақ қызы өміріндегі өзгерістер туралы айтты
Мадина: "Кейбір туыстарымыз біздің таңдауымызды қабылдай алмады"
Бірінші қазақша ма, әлде орысша ма: Қазақстанда жарнама мен маңдайшаларды орналастыру тәртібі қандай?
Тіл туралы заңның 21-бабында көрнекі ақпараттың бүкіл мәтіні белгіленген тәртіп бойынша орналастырылатыны жазылған