Доллар бағамы қайтадан 400 теңгеден асты
Доллар Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы айырбастау пункттерінде 404 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Kurs.kz мәліметтері бойынша, Нұр-Сұлтанның айырбастау пункттерінде доллар сатып алу бағамы 401-ден 404 теңгеге дейін, сату 399-дан 400,5-ге дейін өзгереді.
Алматыда осыған ұқсас жағдай: айырбастау орындары 401,3-404 теңгеден доллар сатады, 398-402 теңгеден сатып алады.
Айта кету керек, KASE-де доллардың орташа бағамы бұрынғыдай 400 теңгеден төмен болып отыр.
5 маусымдағы биржада өткен таңертеңгілік сессияның қорытындылары бойынша доллар 399,81 теңгеден сатылды. Алдыңғы күннің кешкі сессиясымен салыстырғанда шетел валютасы 0,22 теңгеге қымбаттады: 399,59 теңге болды.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған