Доллар бағамы біршама төмендеді
Бүгін таңертең теңгенің долларға қатысты нығаюы байқалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

KASE мәліметі бойынша, жабық сессия қорытындысы бойынша доллар бағамы 408,98 теңгені құрады. Жұма күні таңертең бағам бір доллар үшін 411,57 теңгені құрады. Жұма күні белгіленген кешкі көрсеткішпен салыстырғанда доллар 2,57 теңгеге арзандады.
Нұр-Сұлтан доллар айырбастау пункттерінде 408,7-409,2 теңгеден сатылып, 407-408,2 теңгеден сатып алынады. Алматыда сату - 409,5-410,3 теңге, сатып алу - 407,9-408,8 теңге деңгейінде белгіленді.
Бұған дейін сарапшы доллар бағамы дағдарысқа дейінгі деңгейге оралып, 380 теңгеге түсуі мүмкін екенін айтқан болатын.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған