"Үлкендердің ақ батасын алдық": Динара Сәтжан болашақ келініне сырға салды

Қазақстандық тележүргізуші әрі кәсіпкер Динара Сәтжан отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті. Оның ұлы Даниал сүйіктісі Айнұрға сөз салып, екі әулет қазақтың дәстүрімен сырға салу рәсімін өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тележүргізуші бұл ерекше сәттен видео жариялады.
“Қуанышты бөліссең, көбейеді деген сөз бар қазақта. Менің де сіздерге айтар сүйінші жаңалығым бар. Бүгін болашақ келінімізге сырға салдық”, – деп жазды ол.
Динара Сәтжанның айтуынша, ол Айнұрды бірнеше жылдан бері жақсы таниды. Осы уақыт ішінде ұлының таңдауы дұрыс екеніне көзі жеткенін атап өтті. Әсіресе, Даниал әскерде жүрген кезеңде Айнұрмен жиі араласып, оның мінезі мен адамгершілігіне тәнті болғанын айтты.
“Даниал әскерде жүргенде Айнұрмен жиі бірге барып жүрдік. Сол кезде ұлымның жар таңдауда қателеспегенін түсіндім. Айнұр оған сүйікті жар ғана емес, сенімді серік болады деп сенемін”, – деді ол.
ОқыңызСондай-ақ Динара Сәтжан сырға салу – қазақ халқының ең әдемі әрі мәні терең дәстүрлерінің бірі екенін айтты. Бұл рәсім қыз баланың болашақ келін ретінде ресми түрде қабылдануын, екі жастың жаңа өмірге қадам басуын білдіреді.
“Ең бастысы – болашақ құдаларымызбен жүздесіп, үлкендердің ақ батасын алдық”, – деп бөлісті тележүргізуші.
Енді екі әулет алдағы үлкен тойға дайындықты бастап кеткен. Динара Сәтжан ана ретінде жауапты сәттің толқынысы барын да жасырмады.
“Кейде бәрі қалай өтеді екен деп уайымдаймын. Бірақ жанымда қолдау білдіретін жақындарым бар. Сондықтан тойға дайындықты ерекше көңіл күймен бастап кеттік”, – деді ол.
Желі қолданушылары Динара Сәтжанның қуанышына ортақтасып, жас жұпқа ақ тілектерін арнады. Көпшілік болашақ келіннің көркіне сүйсініп, Даниал мен Айнұрға бақыт тіледі.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді