Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димашты жер-көкке сыйғызбай мақтаған Қайрат Нұртас жұртты сүйсіндірді

Димаш – көк, ал Қайрат – жер! Қазақтың қос жұлдызын дәл осылай деп салыстырған Бибігүл Төлегенова елді біраз шулатқан еді. Көпшілік бұлбұл әншінің теңеуін теріс түсініп, қатаң сынға алды. Ендігілері Бибігүл Төлегенқызының орынды сын айтқанын алға тартып, жақтады. Өз кезегінде Қайрат Нұртас өзін “жерге” теңеген Халық артисіне жауап та бермеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Есесіне ол Димашқа деген ақжарма тілегі мен жүрекжарды лебізін білдірді.

“Димаш бауырым, әрбір жеткен жетістіктеріңе, жеңістеріңе қуаныштымын. Алланың қалауымен даусыңның ерекшелігі мен еңбегіңнің арқасында, xалықтың саған деген сүйіспеншілігі арта түсті. Бұл ата- анаңның саған берген тәрбиесінің, өзіңнің кішіпейілділігің мен мәдениетіңнің жоғары болғандығы деп білемін. Өнеріңмен әлемді бағындыра бер! Осы қалпыңнан тайма”,  – деп бөлісті Қайрат Нұртас.

Мұны көрген инста-оқырмандар қуанып қалды. Көпшілік қанша қиыншылық көрсе де, ешкімнің жағасынан алмаған Қайраттың қарапайымдылығына тәнті болды.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Киносыншылар Қайрат Нұртастың әйелін жылдың үздік актрисасы деп таныды

Алғашқы жеке әнін ұсынған Ақбота Сейітмағамбетті халық қабылдай алмады (видео)

Танымал журналист Төреғалидің тағы бір былығын әшкерелеп, масқаралады (видео)

Қуандық Рахым 15 жасында жетім балаға арнап шығарған әнін шырқап, елді жылатты (фото, видео)

Төреғалидың әкесі отандық продюсерді “атып өлтіремін” деп қорқытқан

Талқылау