Димаш Құдайбергенді Ресейде музыкалық жүлдеге ұсынды
Димаш Құдайберген "Жыл әншісі" аталымы бойынша ресейлік "Виктория" музыкалық жүлдесіне ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталған категория бойынша Димашпен бірге Дима Билан, Леонид Агутин, Jony, Филипп Киркоров сынды танымалдар сайысқа түсті. Жеңімпазды марапаттау рәсімі 2 желтоқсан күні Мәскеудегі Кремль сарайында өтеді.
Димаш жүлдеге "Я скучаю по тебе" әнімен қатысып жатыр.
Сондай-ақ Димаштың орындауындағы Ave Maria әні "Жыл композиторы" аталымына ұсынылды. Оның авторы – Игорь Крутой.
Айта кетейік, 2019 жылы Димаш "Виктория" сыйлығын "Жыл жаңалығы" және "Классикалық музыканың үздік орындаушысы" аталымдары бойынша жеңіп алған еді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"