Димаш Құдайберген Мехикода бүлдіршіннің тұсауын кесті
Фото: Сыртқы істер министрлігінен
Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген Мехикодағы елшілікке барып, қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, кездесу кезінде Димаш Құдайберген Қазақстан елшісі Алмұрат Тұрғанбековпен бірге тоғызқұмалақ ойнаған.
Сондай-ақ, бір жасар Халид Йылдыздың тұсауын кесіп, балаға ақ батасын берген.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген жуырда Мехикоға барып, 25 мыңнан астам көрерменге концерт берген еді.
Еске салайық, Димаш Құдайбергеннің әлемдік туры босқындар мәселесін де қамтыған еді.
"Димаш музыка адамдарды олардың шыққан тегіне қарамастан біріктіре алады деп сенеді. Оның ХКҰ Ізгі ниет елшісі ретіндегі адалдығы – миграция адамзат тарихының ажырамас бөлігі екенін және әрбір адам қоғамға үлес қосып, өз болашағын жақсартуға лайық екенін дәлелдейді", – деді ХКҰ Бас директоры Эми Поуп.
"55 жасында дүниеге келген": Ата-анасы жасы келгенде туған қазақстандықтар қиыншылықтарын бөлісті
Самал: "Кей сәттерде ата-анамның өздері де бала секілді көрінеді"
Jennifer Lopez, Backstreet Boys, Kanye West: Әлемдік жұлдыздарды шақыру құны қанша
Қымбат билет, миллиондаған доллар: Қазақстанға жұлдыз шақыру кімге тиімді?