Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш пен Игор Крутойдың шығармашылық байланысына сызат түсті ме? Ресми өкіл жауап берді

Желілерде Димаш пен ресейлік танымал композитор Игор Крутоймен шығармашылық байланысын үзді деген ақпарат таралған еді. Ақпараттың рас-өтірігіне байланысты "ДимашАли" шығармашылық орталығының ресми өкілі Назым Жанғазинова түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Димаш құдайбергенов"Соңғы уақытта желілерде Димаш Құдайберген мен композитор Игор Крутой арасындағы шығармашылық қарым-қатынастың үзілгені туралы жалған ақпараттар тарап жатыр. Түсіндіріп өтейін.

Бастапқыдан Димаштың Пекиндегі "BG Talent" компаниясымен келісімі бар. Сонымен қатар, Димаш америкалық BMG (Bertelsmann Music Group) Еntertainment компаниясының өкілдерімен, сондай-ақ Швеция, Англия, Корея, Қытай, Франция, Ресей және т. б. елдердің композиторларымен шығармашылық байланыста.

Әртістің барлық продюсерлік қызметін "ДимашАли" шығармашылық орталығы жүзеге асырады. 

Композитор Игорь Крутой мен Димаш Құдайберген арасындағы осы күнге дейін жалғасып келе жатқан шығармашылық және достық қарым-қатынас өте жақсы. Игор Крутоймен болатын 2020 жылға жоспарланған барлық концерттер кестеге сәйкес өтеді, - деп "ДимашАли" шығармашылық орталығының ресми өкілі Назым Жанғазинова түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ, басылымдарда таралған Димаш жайлы жалған ақпараттарға сенбеуді өтінді. 

Талқылау