Димаш Құдайберген Ассамблея сессиясында сөз сөйледі
Жас әнші Димаш Құдайберген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы барысында жоғары мінберден сөз сөйледі.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
“Құрметті Елбасы, сізге және осы уақытқа дейін мені қолдап келген барша өнерсүйер жерлестеріме үлкен рахмет айтуға рұқсат етіңіз. Сіз қазақ елін әлемге таныттыңыз. Өнерім арқылы, әнім арқылы қазақтың болмысын, табиғатын, өшпес тарихын, ата-бабаларымыз әуелетіп кеткен халық әндерін әлем сахналарында орындау, шарықтату — менің басты мақсатым болды, алдағы уақытта болып қала бермек”, — деді Димаш.
Димаш қазіргі таңда әлемнің қай түкпірінде, қандай әлем сахналарында өнер көрсетсе де, «қазақ деген өр тұлғасы келіскен ерекше елден келдім» деп мақтанып айтатынын жеткізді.
“Керегесі кең, кіммен болса да терезесі тең еліміздің болашағы жастардың қолында деп өзіңіз айтқан болатынсыз. Қазіргі таңда өресі биік жастар үшін елімізді әлемге танытуға мүмкіндіктер толығымен жасалды айтуға толық негіз бар. Осы орайда барша жастарды қазақтың атын күллі әлемге паш етуге шақырғым келеді”, — деді әнші.
Бұған дейін Димашты президент Назарбаев жеке қабылдаған еді.
Еске салсақ, Димаш Қытай елінде өткен “I am a singer” халықаралық ән байқауында екінші орын алып, күллі әлемді өнерімен дүр сілкінтті. Осы байқаудағы жеңісінен кейін ол алғаш рет Астанаға аяқ басты. Әншінің жанкүйерлері оған ерекше құрмет көрсетіп, әрі қарай “Әлем таныған Димаш” концерті болды.
Оқи отырыңыз:
Астанадағы Димаштың концертінде төбелес болды
Қайрат Нұртастың жары отбасылық суреттерін жария етті (фото)
Димаш Франция телеарнасынан шақырту алды
Сейфуллин Жолбарыс: Жарым орыс болғанымен, қарапайым ауылдың қызы