Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанадағы Димаштың концертінде төбелес болды

Кеше Димаш Құдайбергеннің құрметіне өткен кеште күзетшілер мен журналистер арасында жанжал шықты.

d3b5fca19959018125cf7b2f9a864f99

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің құрметіне өткен кеште шыққан жанжалдың мән-жайын анықтауға уәде берді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғандай, кеш басталмас бұрын концерттік залдың күзетшілері мен бірқатар басылымның журналистері арасында кіре берісте жанжал шығып, төбелеске дейін барған.

“Біз бұл оқиғаның мән-жайын анықтаймыз. Өз бақылауыма аламын”, — деді Қасымов мәжіліс отырысынан кейін журналистерге.  Димаш Құдайбергеннің I am a singer байқауындағы жүлдесіне арналған “Әлем таныған Димаш” кеші сейсенбі Астанада «Қазақстан» орталық концерт залында өтті.

Тағы да оқыңыз:

Димаш Франция телеарнасынан шақырту алды

Ұстаздары: Димаш мектеп кезінен Абайдың қара сөздерін жатқа айтатын

Димашқа астаналық жанкүйерлері ерекше құрмет көрсетті (фото, видео)

Мені Димаш Құдайберген еткен қазақ халқына мың алғыс (фото, видео)

Талқылау