Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш қазақ тілінде жаңа бейнебаян түсірді

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қазақ тіліндегі жаңа бейнебаянын көпшілік назарына ұсынатынын мәлімдеді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сахна жұлдызы бұл туралы Іnstagram-дағы парақшасында жазды.

"Достар! Бірнеше күн бұрын қазақ тіліндегі керемет бір ән бойынша бейнебаян түсірілімінің аяқталғанын қуана хабарлаймын. Таяуда жаңа ән мен жаңа видео жарыққа шығады", - деді Димаш Құдайберген.

Таяуда Димаш Қытайдағы ең үздік шетелдік әнші деп танылды.

Сонымен қатар, әншінің қазақ тіліндегі алғашқы альбомы дайындалып жатқаны хабарланды.

Талқылау