Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Қытайдағы ең үздік шетелдік әнші деп танылды

7-28 маусым аралығында Sina News және Sina Entertainment ұйымдастырған әйгілі Sina Entertainment фестивалі Қытайдың танымал Sina платформасында өтті. 21 күн дауыс беруден кейін қазақстандық орындаушы Димаш Құдайберген 1.404.488 дауыс жинап, «Ең танымал шетелдік әнші» номинациясында жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Димаш

Sina - әлемнің әр түкпіріндегі адамдар үшін қол жетімді коммуникациялық алаң болған қытайлық интернет-компания. Компанияның төрт негізгі қызметі бар: Sina Weibo, Sina Mobile, Sina Online және Sinanet.

Sina әлем бойынша 100 миллионнан астам тіркелген пайдаланушыларға ие. Sina және оның платформалары Қытайдың медиа кеңістігі мен ойын-сауығына үлкен әсер етеді. Sina Weibo - бұл Twitter-ге ұқсас микроблогті әлеуметтік желі, ол Қытайдың микроблогинг нарығының 56,5% алады. Бұл сонымен қатар сүйікті әншілерін қолдауға жиналған жанкүйерлер үшін ең үлкен және маңызды алаң.

Сонымен қатар, танымал адамдар өздерінің шығармашылықтарын насихаттау және жанкүйерлермен қарым-қатынас жасау үшін жеке Weibo аккаунттарын жасай алады.

Leading 2020 Sina Entertainment festival байқауыныңбасты мақсаты - 2020 жылдың бірінші жартысында үздік болған әйгілі фильмдер, телешоулар, музыкалық және эстрадалық шоуларды бөлісу. Осылайша, одан да көп адамдар әншілермен және олардың шығармаларымен танысады, бұл ойын-сауық индустриясының дамуына оң әсер етеді.

Еске салайық, 2019 жылдың желтоқсанында Димаш Құдайберген Қытайдағы жылдың үздік әншісі деп танылып, Қытай сыйлығына ие болды.

Талқылау