Димаш Құдайбергеннің қазақ тіліндегі алғашқы альбомы дайындалуда
Танымал әнші Димаш Құдайбергеннің тұңғыш қазақша альбомы жазылу үстінде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Карантинде елге келіп, ең алғашқы қазақша альбомымды жинақтаудың сәті түсті. Қасымдағы кісіні таныстырмаса да болады. Атақты Марқұм Батырхан ағамыздың репертуарындағы "Отан ана", "Сағым дүние", "Қайран көңіл-ай" сынды талғамы биік көрерменнің жүрегін жаулаған әндердің авторы, нағыз қазақ композиторларының ұстазы - Қуат ағамызбен студияда жұмыс барысында", - деп жазды Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында.
Димаштың айтуынша, ол Қуат Шілдебаевпен 3 жылдан бері кездесуді жоспарлап келген.
"Мен Бейжіңде жүргендіктен Қуат аға екеуміз 3 жыл бойы кездесе алмай енді ғана кездесудің сәті түсті. Осындай ұлы композитормен жұмыс жасаудың өзі үлкен бақыт қой", - деді Құдайбергенов.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды