Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Димаш Брэд Питтен сымбатты болып шықты (видео)

TC Candler сән әлемінің тәуелсіз сарапшылары 2017 жылғы ең сымбатты адамдар тізімін жасады. Жыл басында әлемге танылған жерлесіміз Димаш Құдайберген ең сымбатты 100 адамның қатарына кірді. Ол келбеті келіскен жандар тізімінде 76-орынға тұрақтады.

Қазақ әншісі әлемге әйгілі голливуд жұлдыздарымен салыстырғанда әлдеқайда сымбатты болып шықты. Мәселен, “Оскар” сыйлығының иегері, әйгілі Леонардо ди Каприо 87-орынға, ал атақты актер Дуэйн Джонсон 82-орынға жайғасты. Анджелина Джолидің экс-күйеуі Брэд Питт 78-орынды місе тұтты.

Ал әлемдегі ең сымбатты жігіттер үштігіне актер Амри Хаммер (3-орын) мен актер Джейсон Момоа (2-орын) кірді. Ең көрікті жігіт деп оңтүстік кореялық әнші Kim Tae – Hyung танылды.

Жіберіп алмаңыз:

Димашты жер-көкке сыйғызбай мақтаған Қайрат Нұртас жұртты сүйсіндірді

Жазира Байырбекова тұрмыс құрмаған және ажырасқан әйелдерді сөкпеуге шақырды

Танымал журналист Төреғалидің тағы бір былығын әшкерелеп, масқаралады (видео)

Қуандық Рахым 15 жасында жетім балаға арнап шығарған әнін шырқап, елді жылатты (фото, видео)

Талқылау